Сарапшылық комиссиясы мектеп директорының бұйрығы негізінде келесі құрамда құрастырылды: комиссия төрағасы – Ташимова Г.С. – мектеп директоры, комиссия мүшелері: ТЖ бойынша директордың орынбасары – Утегенова А.М., медициналық қызметкер – Алпысова К.А., Кәсіподақ төрағасы – Мінайдар С.А..
Мектепте 24 оқушы.
Тегін ыстық тамақтанудың тізімінде 8 оқушы
Ай бойы оқу жылының басында тамақтанудың сапасы мен ұйымдастырылуына мониторинг жүргізу бойынша бракераждық комиссияның жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Сонымен қатар, комиссия мүшелерінің тізімі және олардың жұмыс кестесі бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес Комиссия мүшелері күн сайын тамақ дайындау сапасын, технологиясын тексерді, күнделікті ас мәзірінен тағам дайындау сәйкестігін тексерді, тағамдарды ауыстыру кестесіне сәйкес тағамдарды ауыстыруды, тоңазытқыштарда мұздатқыш камераларда тағамдарды сақтаудың температуралық-ылғалдық режимін сақтауды тексерді. Медициналық бике ыдыс-аяқты, құрал-жабдықтарды және мүкәммалды жуу ережесін, жүргізілетін жалпы жинау сапасын бақылауды жүргізді. Ас блогының персоналын іріңді және басқа да аурулардың болуына тексеру жүргізді. Ескертулер болған жоқ.